Құрметті Түрік, Қазақ, Қырғыз, Өзбек, Азербайжан Және Басқа Да Орта Азия Түріктілдес Мемлекеттері мен Балкандағы Әріптестеріміз,

Сүйек және Буын Хирургиясы Қауымдастығы ретінде Түркияда үнемі, Сүйек Буын Конгресі атындағы ғылыми кездесулер ұйымдастырудамыз.

Сонымен қатар, 2018 жылы қауымдастықтың мақсаты мен жарғысына сәйкес түркітілдес елдерде жыл сайынғы ғылыми конгресс өткізу туралы шешім қабылдадық.

2018 жылдың 19-23 сәуір аралығында алғашқы конгресс дос және бауырлас ел Әзербайжанда 250 әріптесіміздің қатысуымен “Бірінші Түрік Әлемі Ортопедия және Травматология Конгресі”  өткіздік.

Конгресстің екіншісі Сүйек және Буын Хирургиясы Қауымдастығының басшылығымен Эрзинджан Бинали Йылдырым және С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университтерінің ректорлары тарапынан көрсетілген көмек қолдауларымен 11-15 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы, Алматы қаласында “Екінші Түрік Әлемі Ортопедия және Травматология Конгресі” ұйымдастырылады.

Үш күндік жиын барысында, Түркиядағы медицина саласындағы құзыретті және тәжірибелі әріптестеріміз жарақат, артропластика, педиатриялық ортопедия, спорттық жарақаттар және артроскопия бойынша тәжірибелерін бөліседі. Ғылыми бағдарламаға қосымша 13 Қыркүйек 2019 жылы "Суйек және Жұмсақ Тін Онкологиясы" тақырыбында жас әріптестерімізге бір кундік мастер класс ұйымдастырылады.

Сүйек және Буын Хирургиясы Қауымдастығы басшылығымен өтетін бұл ғылыми кездесуде түрік, қазақ және басқа да Орта Азия мемлекеттерінен қатысатын әріптестеріміз үшін қажетті ақпарат, ғылыми-тәжірибелерімен бөлісетіндеріне үміт артамыз. Сонымен қатар Түркітілдес мемлекеттерден қатысатын әріптестеріміздің отбасылары арасында жаңа достық қарым қатынасының нығаюына тілектеспіз.

Қатысушы әріптестерімізді Орта Азияның ортасында, Хан-Тәңірі тауының етегінде ата жұрты Алматы қаласында қонақ етү үмітімен және құрметпен,


Проф. Др. Ведат Шахин

Конгресс Төрағасы


Проф. Др. Нурлан БАТПЕНОВ

Конгресс Төрағасы

КОНГРЕСКЕ
103 KҮН ҚАЛДЫ